TopIQ электрондық оқулық платформасын пайдалану шарттары
2021 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді
I. Жалпы ережелер
1. TopIQ қызметі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен, Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сыныптарында пайдалануға ұсынылған электрондық оқулықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық қызмет.
2. TopIQ қызметтерін «Алматыкітап баспасы» (БСН 060940004520) ұсынады. Электрондық пошта: topiq@almatykitap.kz, тел. +7 / 727 / 250-29-58
3. TopIQ қызметтерін пайдалануға келісе отырып, сіз қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі ретінде берілген келесі шарттарды қабылдайсыз. Қолдану шарттарымен мұқият түрде танысыңыз.
4. Бұл Шарттар, сондай-ақ TopIQ-те берілген ақпарат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес ашық оферта деп танылады. Егер төменде көрсетілген шарттар қабылданса, Пайдаланушы бұл келісімді қабылдады деп есептеледі.
5. Пайдаланушы мен TopIQ арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелерімен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV ҚР Заңымен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және оларға сәйкес қабылданған басқа да құқықтық актілермен реттеледі.
6. TopIQ осы Шарттарға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады, осыған байланысты Пайдаланушы «Жария оферта туралы келісім» бөлімінде орналастырылған Шарттардың өзгеруін үнемі бақылауға алуға міндеттенеді.
7. TopIQ платформасымен тиімді жұмыс істеу үшін браузерлердің соңғы нұсқаларын (мысалы, Chrome, Explorer, Safari, Firefox және т.б.) пайдалануды ұсынамыз.
8. TopIQ браузерлердегі жаңартулар жайында, оның функционалдығы мен дисплей мүмкіндіктерінің өзгеруі т.б. туралы хабарлауға міндетті емес.
9. Егер пайдаланушының программалық қамтамасыз етуі талапқа сәйкес келмесе, TopIQ қызмет ақауларына жауап бермейді.
10. TopIQ қызметін пайдаланушының лицензиясын (бұдан әрі – лицензия), онда белгіленген шарттар негізінде немесе TopIQ рұқсат еткен басқа жолмен пайдалануға болады.
II. Пайдаланушы келісімінде қолданылатын терминдер мен түсініктер
1. Платформаны пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалануға лицензия сатып алуға Topiq-ке тапсырыс беретін заңды немесе жеке тұлға.
2. TopIQ – https://topiq.kz/ домендік атауында орналастырылған электрондық оқулықтардың веб-платформасы.
3. Қызметтер – электрондық оқулықтар кітапханасына онлайн режімде қол жеткізуді қамтамасыз ету.
4. Лицензия – таңдалған пакетке сәйкес қызметті алу құқығын беретін лицензиялық келісім. Қызметтер пакеті туралы ақпарат https://www.almatykitap.kz/ және https://topiq.kz/ сайттарында орналастырылған.
5. Тапсырыс – https://topiq.kz/ сайтында орналастырылған нұсқаулықта көрсетілген әдіспен лицензияны және кейіннен лицензияны белсендіру туралы Пайдаланушының тиісті түрде толтырған сұранысы.
III. Қызметті пайдалану шарттары
1. Пайдаланушы TopIQ-ті пайдалану кезінде ұсынылатын нұсқауларды, сілтемелерді және басқа да нұсқауларды орындауға міндетті. Егер қызметке немесе интерфейске рұқсат берілмесе, оларды нұсқаулықта қарастырылмаған жолмен алуға тырыспаған жөн.
2. Қызметті пайдалану кезінде кез келген адамның зияткерлік меншік құқығын бұзуға тыйым салынады. TopIQ ортасында пайдаланушы авторлық құқық туралы заңның ережелері мен принциптерін қатаң сақтауға міндетті. Пайдаланушының біреудің шығармашылық жұмысына қол жеткізуі бұл материалдарды қызмет көрсету шартында көрсетілгеннен өзгеше пайдалануға жол бермейді.
3. Пайдаланушы TopIQ платформасын тиімді әрі мұқият пайдалануы керек, оның жұмысының қандай да бір жолмен бұзылмауын, үзілмеуін, бұғатталмауын қадағалауға тиіс. Осы нұсқаулықтың кіріспесінде берілген контактілерді пайдалана отырып, платформаның жұмысында байқалған ақаулар туралы «Алматыкітап баспасының» қызметкерлеріне хабарлауға міндетті.
4. Қызметті пайдалану үшін TopIQ платформасында тіркелуіңіз қажет. Есептік жазбаны жасау кезінде өзіңіз туралы тек нақты мәлімет беріңіз. Жалған ақпарат бермеңіз.
5. Құпия сөздерді бөтен кісілерге қолжетімді емес жерде сақтаңыз. Құпия сөзіңізді немесе басқа тіркелгі ақпаратын электрондық пошта арқылы жібермеңіз. Құпия сөзді енгізгенде абай болыңыз. Құпия сөзіңіз жоғалған жағдайда, «Алматыкітап баспасы» мәселенің мән-жайы анықталғанға дейін қызмет көрсетуінтоқтатуға құқылы.
6. Моральдық нормаларға сәйкес келмейтін мәтінді немесе материалдарды қосу әрекеті байқалса, немесе материалдарды басқа мақсатта пайдалану әрекеті анықталса, «Алматыкітап баспасы» қызмет көрсетуді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы. «Алматыкітап баспасы» мән-жайды анықтау үшін білім мекемесін (мектепті) хабардар ете отырып, қызмет көрсетуді тоқтату туралы шешім қабылдайды. Егер сіздің есептік жазбаңызды бөгде адамдар пайдаланып жүр деген күдік туынждаса, «Алматыкітап баспасы» қызметкерлерімен хабарласыңыз.
7. Ақылы қызметтер TopIQ ортасында көрсетілген тәртіпке сәйкес сатып алынады.
8. Егер ақылы қызметтер уақтылы төленбесе, «Алматыкітап баспасы» қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
9. Лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушы TopIQ платформасын пайдалана алмайды. Баспалар өз өнімдерінің TopIQ ортасында қанша уақыт таралатынын өздері шешеді. Баспагерлер оқу әдебиетінің қолдану ерекшеліктеріне қарай шешім қабылдайды.
10. TopIQ платформаны пайдалана бастаған кезде алдында қойылған мақсаттардың толық орындалатыны жөнінде пайдаланушыға кепілдік бермейді. Платформаны пайдалану оқу бағдарламасын табысты меңгеруге кепілдік бермейді.
11. TopIQ платформасы сервисті пайдалану ережелерін өзгертуге құқылы.
IV. Қызмет көрсету ге өзгер іс енгізу , уақытша тоқтата тұру (бұғаттау) және тоқтату
1. «Алматыкітап баспасы» қызмет көрсетуді өзгертуге, уақытша тоқтата тұруға немесе мүлде тоқтатуға құқылы. «Алматыкітап баспасы» пайдаланушыны қызмет көрсетудегі өзгерістер жайында, қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылуы немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
2. Алайда «Алматыкітап баспасының» негізгі мақсаты – TopIQ платформасының үзіліссіз жұмыс істеуінқамтамасыз ету.
3. Егер платформаның жұмысындағы ақаулар телекоммуникация қызметіндегі техникалық ақаулардың, ереуілдердің, мемлекеттік мекемелердің\органдардың әрекеті\әрекетсіздігі. нәтижесінде пайда болса, «Алматыкітап баспасы» өзгерістер немесе қызмет көрсетудің уақытша тоқтауы\тоқтауы туралы хабардар етпеуге құқылы.
4. Зияткерлік меншікті пайдалану ережелерін бұзған, орынсыз мінез-құлық (мысалы, қорлау, дөрекілік т.б.) көрсеткен пайдаланушыға немесе пайдаланушылар тобына TopIQ платформасының қызметін көрсету тоқтатылады.
5. Пайдаланушы TopIQ өнімін пайдалану ережелерін қайталап бұзса, осы нұсқаулықта ұсынылған міндеттемелерді орындаудан бас тартса, ол пайдаланушыға TopIQ платформасының қызмет көрсетуі тоқтатылады.
6. Білім беру ұйымына (мектепке) қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешім мектеп әкімшілігімен бірлесіп қабылданады.
V. Оқу немесе басқа жұмыстың мазмұны, сондай -ақ зияткерлік меншік (авторлық құқық)
1. TopIQ-те орналастырылған материалдардың авторлық құқығы баспаға тиесілі және оның келісімінсіз Пайдаланушылар басқа жобаларда пайдалана алмайды.
2. Өнімді таратушы (баспагер) оқу материалының дұрыстығына жауап береді.
3. TopIQ бірде-бір материалдың интеллектуалдық меншік туралы заңдарға сәйкестігін тексермейді. Алайда зияткерлік меншік құқығы бұзылды деген күдік пайда болса, TopIQ өнімді таратуды тоқтатады.
4. TopIQ.kz программалық технологияларының меншік құқығы «Алматыкітап баспасы» ЖШС-ға тиесілі.
VI. Қолданушының құпиялылығы туралы
TopIQ – электрондық материалдар мен оларға қатысты қатынас құралдарына арналған веб-платформа.TopIQ платформасы ұсынатын қызметтерді пайдаланушы ыңғайлы қызмет алу үшін қажетті ақпаратты жіберуі керек. TopIQ платформасында көптеген дербес электрондық қызмет бар, сондықтан жүйе пайдаланушының жеке және байланыс ақпаратын қажет етеді. Бұл деректерсіз қызметтердің көпшілігі қолжетімді болмайды.
TopIQ платформалық қызметтерінің көпшілігіне қолжетімділік шектеулі. Ашық қолжетімді қызметтерді пайдаланған кезде төмендегілер ішінара жарамды.
Электрондық қызметтерді көрсету кезінде TopIQ құпиялылықтың жалпы қабылданған қағидаттарын қолданады.
1. Жеке деректерді жинау және пайдалану кезінде TopIQ жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қажет ақпарат қана талап етіледі.
2. Жиналған деректерді пайдалану келесі жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Егер TopIQ деректерді басқа мақсаттарда пайдаланғысы келсе, тиісті сұрау деректер иесіне немесе құзырлы органдарға жіберіледі.
3. TopIQ пайдаланушылар туралы анық, нақты деректер алуға мүдделі. Ол үшін TopIQ платформасында деректерді мерзімді бақылау жүзеге асырылады. Қате немесе әдейі өзгертілген мәлімет\ деректер беруге байланысты туындаған салдарлар үшін ТopIQ жауап бере алмайды.
4. Жеке деректерді қорғау мақсатында TopIQ тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.
5. Пайдаланушы тіркелген кезде өзінің дербес деректерінде қате жіберсе, TopIQ оның хабарламасына сәйкес қателерді түзетеді.
Ақпарат қызмет көрсету үшін қажет және біздің жүйем із де қандай ақпарат «әдепкі бойынша» сақталады.
Қ ызмет көрсету үшін TopIQ платформасы на төмендегі ақпарат қажет :
• пайдаланушының аты-жөні
• электрондық мекенжайы
• оқушы оқитын мектеп
• мектеп өкілінің, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің аты-жөні
Қосымша қызметтерді ұсынған кезде пайдаланушының телефон нөмірі немесе басқа байланыс ақпараты қажет болады.
Қызметті көрсету үшін TopIQ сақтайтын деректер
Пайдаланушының әрекеті тіркелген жазбалар (журналдар)
TopIQ ортасының қызметтерін пайдалану кезінде баспаның серверіне пайдаланушының әрекеттері туралы ақпарат келіп түседі. Онда белгілі бір қызметтерді пайдалану туралы ақпараттан басқа төмендегідей мәлімет бар:
1. Қандай қызметтер, ресурстар, сілтемелер т.б. қаралды, мысалы, іздеу нәтижелері, пайдаланылған сілтемелер, жүктелген файлдар, мәліметтер базасы т.б.
2. Қызметті пайдалану уақыты мен пайдаланушының IP-адресі (қажет болған жағдайда пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға болатын бірегей желі мекенжайы).
3. Пайдаланушы енгізген деректер, мысалы, сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар, белгілер, бетбелгілер т.б.
4. Төлем әдісін таңдағанда, төлеушінің есепшот нөмірі туралы ақпарат баспаға белгілі болады.
Ақпарат пен статистика
TopIQ қызметтерін үнемі қолдану кезінде, мысалы тапсырмалар мен тестілерді шешу барысындасерверде тиісті ақпарат жиналады. Бұл – оқу әдебиеттерін қолдану, оқу қызметі мен оның нәтижелерін тексеру статистикасы. Кейбір жағдайларда барлық енгізілген ақпарат журналдарда сақталады, оның ішінде пайдаланушы өшірген ақпараты да сақталып тұрады.
TopIQ ортасының статистикасы оқушылардың сабақ үлгерімін көрсетуге арналмаған, өйткені ол бүкіл оқу процесін көрсетпейді. Оқу үлгерімін, оның жетістігін анықтау үшін оқушының білімі мен дағдыларына толық талдау жасау қажет.
Алынған ақпаратты пайдалану және ақпаратқа қол жеткізу
«Алматыкітап баспасының» негізгі міндеті – пайдаланушыға TopIQ платформасындағы оқу материалдарын ұсыну. TopIQ функциялары жүйенің тиімді және ақаусыз жұмыс істеуі, сондай-ақ оны дамыту мен жетілдіру үшін қажет, одан артық ақпарат жиналмайды.
«Алматыкітап баспасы» TopIQ платформасын пайдаланушының электрондық поштасына жүйедегі өзгерістер, кішігірім техникалық проблемалар немесе жаңа қызметтер туралы хабарлауы мүмкін. TopIQ пайдаланушы тыйым салған жағдайда тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін электрондық поштаны пайдаланбайды.
«Алматыкітап баспасы» жеке деректерді өңдеуге жауапты мекеме ретінде пайдаланушылардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға тек келесі жағдайларда ғана бере алады:
1. Деректер азаматтық іс жүргізу немесе құқық бұзушылықты тергеу барысында сұралғанда;
2. Білім және ғылым министрлігі немесе оқу бағдарламасын әзірлеушілердің сұранысы бойынша, оқу материалдарын және / немесе мектептерді пайдалану туралы қолданушыға қатысы жоқ статистикалық мәліметтер берілуі мүмкін;
3. Егер пайдаланушы өз лицензиясын төлеуге банктік сілтеме немесе несие картасын пайдаланса, онда банкке төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті дербес деректер ұсынылады.
Төменде сипатталған жағдайларды қоспағанда, «Алматыкітап баспасы» пайдаланушылар арасында ақпарат алмаспайды:
1. Егер TopIQ пайдаланушы мектептің өкілі болса (мысалы, кітапханашы, жүйе әкімшісі т.б.), ол мынаақпаратқа қол жеткізе алады: оқушының аты-жөні, сынып жетекшісі мен пән мұғалімі, сынып, TopIQ ортасында қолданатын электрондық пошта мен оқу жинақтары.
2. TopIQ платформасын пайдаланатын мектеп мұғалімі мына ақпаратқа қол жеткізе алады: сыныптағы оқушылардың тізімі, оқушылардың электрондық поштасы, пән бойынша тапсырмалар, олардың нәтижелері мен статистикасы туралы ақпарат.
3. TopIQ платформасын пайдаланатын оқушы өзіне қатысты жеке мәліметке, оқу материалдарына, сонымен қатар алынған (белгіленген) тапсырмалар мен олардың статистикасына қол жеткізе алады.
Егер пайдаланушы өзі туралы ақпаратты өзгерткісі немесе өшіргісі келсе, бірақ оны TopIQ құралдарының көмегімен жасай алмаса, ол topiq@almatykitap.kz электрондық поштасына өтініш жіберуі қажет.
Есептік жазбаны жабу және TopIQ-те жеке деректерді өңдеуді шектеу
Есептік жазбаңызды жабу үшін, жеке ақпаратты жою, деректерді өңдеуді шектеу т.б. үшін topiq@almatykitap.kz электрондық поштасына сұраныс жіберу қажет.
Пайдаланушының өтініші баспаға мектептің сенімді өкілі арқылы келуі тиіс.
Тіркемені жабу үшін мектеп өкілі «Алматыкітап баспасына» қол қойылған өтініш жібереді.
VII. Ұсыныстар, сұрақтар, шағымдар
Ұсыныстарды, сұрақтар мен шағымдарды topiq@almatykitap.kz электрондық мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз. TopIQ платформасын күнделікті пайдалануға қатысты мәселелер телефон арқылы шешіледі. TopIQ басқа сұрақтар мен шағымдарға телефон арқылы жауап бермейді.